ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

ҚР Мәжіліс депутаттарының «Жасыл мектеп» жобасы аясында кездесуі

Бүгін ҚР Мәжіліс депутаттары , «Nur Otan» фракциясының мүшелері А.Сарым, М.Ахметов және ҚР Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі, Қазақстан күрдтері қауымдастығының вице-президенті В.Набиев Жетісу ауданындағы №143 лицей-мектебінде «Жасыл мектеп» жобасы аясында ашылған жылыжай жұмыстарымен танысып, жылыжайда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде оқушылармен сұхбаттасты. Сонымен қатар депутаттар мектеп-лицей ғимаратының мұғалімдер бөлмесі, асхана және дене шынықтыру залдарының жұмыстарымен танысып, жағымды ой-пікірлерімен бөлісті.

"Жасыл мектеп" жобасының мақсаты – балаларды экомәдениет пен қоршаған ортаны қорғауға баулу. Ол табиғатты аялауға, тәжірибелік сабақты көбейтіп, мектеп бағдарламасын түрлендіруге бағытталған. Болат Өтемұратов қоры өкілдерінің айтуынша, жылыжайларды4 10 жылға дейін үзіліссіз жұмыс істейтін мүмкіндігі бар. Жылыжайда тәлімгерлер биология пәні бойынша тәжірибелік және факультативтік сабақтарын жылыжайда өткізеді. Алматыда пилоттық негізде басталған "Жасыл мектеп" жобасы аясында оқушылар жылыжайда көкөніс егіп, оны өздері тұтына алады.