ҚР келген азаматтарды және ТМД елдеріне кететін ҚР-ның азаматтарын әлеуметтік қорғау
Қазақстан Республикасына келген азаматтарды және ТМД елдеріне кететін Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қорғау
Соңғы уақытта Достастық елдерінен Қазақстанға келген адамдарға немесе Достастық еліне кеткісі келетін Қазақстан Республикасының азаматтарынан зейнетақы төлеу мәселесі бойынша азаматтардан өтініш білдіру жағдайлары жиілеп кетті. Әрине, негізгі мәселе ол, оларға зейнетақы төлене ме, және кім төлейді?
Қазақстан 1992 жылғы 13 наурыздағы зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттер азаматтарының құқықтарының кепілдіктері туралы келісімге қол қойған қатысушы болып табылады. Осы келісімге сәйкес, ТМД-нан келген азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету олар келген мемлекеттің заңнамасы бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін алуға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтардың құқығы бар. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда жүргізіледі.
Келісімге қатысушы мемлекеттердің азаматтарына осы мемлекеттердің кез келген аумағында, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның аумағында осы Келісім күшіне енгенге дейінгі уақыт ішінде алынған еңбек өтілі ескеріледі.
Еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға, орташа айлык табыс 1995 жылғы 1 каңтардан бастап үзілістерге қарамастан қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін ескеріледі. 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап орташа айлық табыс жинақтаушы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленеді.
Зейнетақы есептеу үшін ай сайынғы табыс 46-еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайды, ал бұл 2019 жылғы 1 қаңтарға 116 150 теңге. Зейнетақыны толық көлемде есептеу орташа айлық табыстың 60 пайызы (кемінде 25 жыл еңбек өтілі болған жағдайда (ерлерге) және 20 жыл еңбек өтілі (әйелдерге) 1998 жылғы 1 қаңтарға) есебінен жүргізіледі. Қажетті еңбек өтілінен тыс жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға ұлғайтылады, бірақ шектеуді ескере отырып-75 пайыздан аспайды.
Қажетті еңбек өтілі болмаған жағдайда (25 жыл және 20 жыл), толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтарға еңбек өтіліне барабар үлес ретінде толық емес көлемде белгіленеді.
Келісім елдерінде зейнетақы тағайындау құқығына ТМД елдеріне тұрақты тұруға келген Қазақстан азаматтары да ие.
Келісімге қатысушы мемлекеттерден келген азаматтар үшін Достастық елдерінде қарттық бойынша еңбек зейнетақыларын есептеу еңбек қызметі туралы белгілі бір көрсеткіштерді негізге ала отырып тек қана құжаттар бойынша тағайындалуы мүмкін.
Жалақы туралы анықтама басшының және есепшінің қолымен, ұйымның (органның) мөрімен расталуы тиіс, беру негізі (есеп айырысу ведомостары, жеке шоттар) болуы, берілген күні, нөмірі болуы, онда толық аты-жөні көрсетілуі тиіс.
Ұйымды қайта атау кезінде негіз көрсетіле отырып, осы фактіні растау болуға тиіс. Еңбек қызметін растау үшін еңбек кітапшасы қабылданады. Егер бұрын келген адамдар Қазақстанда зейнетақы алса, онда Келісім еліне келгеннен кейін оны төлеуді тоқтату мерзімі туралы анықтама ұсынылады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарының кепілдіктері туралы келісімге қол қойған елдер:
- Қазақстан Республикасы;
- Ресей Федерациясы;
- Молдова Республикасы;
- Тәжікстан Республикасы;
- Армения Республикасы;
- Беларусь Республикасы;
- Украина;
- Әзірбайжан Республикасы;
- Түрікменстан Республикасы;
- Қырғызстан Республикасы;
- Өзбекстан Республикасы.
Социальная защита граждан прибывших
в Республику Казахстан и граждан Республики Казахстан выбывающих в страны СНГ
В последнее время участились случаи обращения граждан по вопросу выплаты пенсии лицам, прибывшим из стран Содружества в Казахстан, либо от граждан Республики Казахстан, собирающихся уехать в страну Содружества. Безусловно, основным вопросом является, будут ли им выплачивать пенсию, и кто?
Казахстан является участником, подписавшим соглашение о гарантиях прав граждан государств - участников Содружества Независимых Государств (СНГ) в области пенсионного обеспечения от 13 марта 1992 года. В соответствии с этим соглашением пенсионное обеспечение граждан, прибывших из СНГ, осуществляется по законодательству государства, в которое они прибыли.
В соответствии с пенсионным законодательством Республики Казахстан право на пенсионные выплаты имеют граждане, постоянно проживающие на территории Республики Казахстан. Иностранцам и лицам без гражданства назначение пенсионных и социальных выплат производится наравне с гражданами Республики Казахстан на равных условиях.
Гражданам государств-участников Соглашения учитывается трудовой стаж, приобретенный на территории любого из этих государств, а также на территории бывшего СССР за время до вступления Соглашения.
Трудовой стаж учитывается на 1 января 1998 года, среднемесячный доход за любые три года работы подряд, независимо от перерывов с 1 января 1995 года. С 1 января 1998 года среднемесячный доход устанавливается соответственно доходу, с которого перечислялись обязательные пенсионные взносы в накопительный фонд.
Ежемесячный доход для расчета пенсии не может превышать 46-кратного месячного расчетного показателя, а это на 1 января 2019 года 116 150 тенге. Исчисление пенсии в полном объеме производится из расчета 60 процентов среднемесячного дохода (при наличии не менее 25 лет трудового стажа (мужчинам) и 20 лет трудового стажа (женщинам) на 1 января 1998 года). Размер пенсии за каждый полный отработанный год сверх требуемого стажа увеличивается на 1 процент, но с учетом ограничения - не более 75 процентов.
В случае отсутствия требуемого стажа (25 лет и 20 лет), пенсия устанавливается в неполном объёме, как доля от полной пенсии пропорционально имеющемуся трудовому стажу на 1 января 1998 года.
Правом назначения пенсии в странах Соглашения располагают и граждане Казахстана, прибывшие в страны СНГ на постоянное место жительство.
Для прибывших граждан государств-участников Соглашения, исчисление трудовой пенсии по старости в странах Содружества может быть назначено только по документам исходя из определенных показателей о трудовой деятельности. Справка о заработке должна быть заверена подписью руководителя и бухгалтера, печатью организации (органа), иметь основание выдачи (расчетные ведомости, лицевые счета), иметь дату выдачи, номер, в ней полностью должны быть указаны ФИО.
При переименовании организации должно быть подтверждение этого факта с указанием основания. В подтверждение трудовой деятельности принимается трудовая книжка. Если прибывшие ранее получали пенсию в Казахстане, то по прибытию в страну Соглашения предъявляется справка о сроке прекращения ее выплаты.
Странами, подписавшими Соглашение о гарантиях прав граждан государств - участников Содружества Независимых Государств (СНГ) в области пенсионного обеспечения являются:
- Республика Казахстан;
- Российская Федерация;
- Республика Молдова;
- Республика Таджикистан;
- Республика Армения;
- Республика Беларусь;
- Украина;
- Республика Азербайджан;
- Республика Туркменистан;
- Республика Киргизстан;
- Республика Узбекистан.
