Әр күніміз жақсылық жасаудан басталсын
Әр күніміз жақсылық жасаудан басталсын.
Елбасы – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған төрт басымдықты анықтап берген болатын. Соның бірі – әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауды көздеген «Бақытты отбасы» жобасы. Бұл бастама тікелей көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған. Айналамыз қолы жомарт, жүрегі «жақсылық жасасам» деп соғып тұратын адамдардан кенде емес. Бүгінгі таңда ауыл-аймақтарда мына індет тұсында жұмысынан қол үзіп, қайсыбірі жақын-жуықтарынан айырылып қалып жатқаны шындық. Соның ішінде көп балалы,аз қамтылған отбасылар да қамқор-көмекке зәру болып қалып жатыр. Осындай жағдайлармен күнделікті өмірде бетпе-бет келіп жүрген ауданымызға белгілі азамат,аудандық мәслихат депутаты Орынбасар Кушев жуырда үйелмелі-сүйелмелі балаларына қарап отырған, көп балалы отбасыларына қарайласуды жөн көріпті. Ол ауданда тұратын балалы-шағалы З.Боранбаеваның үйіне аяқтай барып, жағдайымен танысты. Мереке қарсаңында құттықтаған Орынбасар Сағынбасұлы осы жанұяға бірінші кезектегі қажетті азық-түлік себетін апарып табыстап, бір қуантып тастады. Қолы ашық, қайырымды азаматқа отбасының да алғысы шексіз.
Дана халқымыз айтады: «әр жақсылықтың бір қайырымы бар, әр қиындықтың артында бір жеңілдік бар» деп. Ендеше, ауылдастар болып қайырымдылық,ізгілік шарасына қатысып,шын көңілден көмектесе білейік. Бір үзім нанды бөліп жеген, жарты құртты жарып жеген мәрт халықтың перзенттері, әр күніңіз жақсылық жасаумен басталсын.Аудандық мәслихат депутаттары бастаған шараның жалғасын табары анық.
1 наурыз Алғыс айту күні және көшбасшы партия күні, ендеше осы мерейлі күн алда күтіп тұрған жақсылықтардың, жарқын келешектің бастауы болғай! Nur Otan партиясы мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетуге ғана бағытталмай, барша қазақстандықтың лайықты өмір сүруі үшін жағдай жасалатын тиімді және әділетті әлеуметтік саясаттың іске асырылуын көздейді. #Tanday2021 #NurOtan #BizBirgemiz
