ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов «Шарапат» әлеуметтік қызмет...
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, онда тұратын қарттар мен ардагерлерді құттықтап, Министрлік атынан 78 жастағы Раиса Гашенкоға кресло-қоларбаны табыстады. Жиналғандарды құттықтай отырып, вице-министр, мемлекет аға буын өкілдеріне ерекше көңіл бөліп келе жатқандығын атап өтті. Осы жылы «Ардагерлер туралы» заң қабылданып, аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөнінде 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір» ұлттық іс-қимыл жоспары жасалды. «Оны қабылдау егде жастағы азаматтардың қоғамның түрлі салаларына қатысу мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ оларды мемлекеттік қолдаудың сапалы шараларымен қамтамасыз етеді. Ұлттық жоспар аясында әр аймақта белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу жоспарлануда», - деп атап өтті Ерлан Әукенов. Бұдан бұрын хабарланғандай, 1 қазанда Қазақстанда Қарттар күніне орай айлық басталады. Аға ұрпақ өкілдеріне қамқорлық жасауға арналған іс-шаралар республиканың барлық аймақтарында өтеді. Олардың ішінде амбулаториялық-емханалық ұйымдарда «Ашық есік күндері» және «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, оның аясында ауыр науқас қарт адамдарға азық-түлік себеттері табысталады. Сонымен бірге еңбек ұжымдарында кездесулер және тағы басқа шаралар қолға алынады. Еске сала кетсек, елімізде жасына байланысты 2 миллионнан астам зейнеткер тұрады. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл сайынғы индекстеу нәтижесінде ынтымақты зейнетақы мөлшері 7%-ға өсіп, базалық зейнетақының ұлғаюы 5%-ды құрады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап тағайындалған зейнетақы мөлшері қосымша тағы 5% индекстелді. Бұл 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда базалық зейнетақының 10%-ға, ынтымақты зейнетақының 12% -ға өсуін қамтамасыз етті. ----------------------------------------------------------------- Вице-министр труда и социальной защиты населения РК Ерлан Аукенов посетил Центр социального обслуживания «Шарапат», где поздравил пожилых и ветеранов, проживающих в учреждении, и вручил от лица Министерства электрическое кресло-коляску 78-летней Раисе Гашенко. Поздравляя присутствующих, вице-министр отметил, что государством уделяется большое внимание людям старшего поколения. В этом году принят закон «О ветеранах», разработан Национальный план действий по улучшению положения граждан старшего поколения «Активное долголетие» до 2025 года. «Его принятие позволит расширить возможности участия граждан старшего возраста в различных сферах жизни общества, а также обеспечить их качественными мерами государственной поддержки. В рамках Нацплана предусмотрено открытие центров активного долголетия в каждом регионе», – подчеркнул Ерлан Аукенов. Как сообщалось ранее, 1 октября в Казахстане стартует месячник, приуроченный ко Дню пожилых людей. Во всех регионах республики будут проводиться мероприятия, посвященные заботе о людях старшего поколения. В их числе «дни открытых дверей» в амбулаторно-поликлинических организациях, благотворительная акция «От сердца к сердцу», в рамках которой тяжелобольным пожилым людям будут вручены продуктовые наборы, встречи в трудовых коллективах и другие. Напомним, в Казахстане проживает более 2 млн пенсионеров по возрасту. С 1 января 2020 года размер солидарных пенсий в результате ежегодной индексации увеличился на 7%, рост базовой пенсии составил 5%. Кроме того, во исполнение поручения Главы государства размеры назначенных пенсий с 1 апреля т.г. дополнительно проиндексированы еще на 5%, что в совокупности обеспечило рост базовой пенсии на 10%, солидарной пенсии – на 12% по сравнению с уровнем 2019 года.
