Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Әлеуметтік қамсыздандыру ...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Әлеуметтік қамсыздандыру кодексінің тұжырымдамасын әзірлеу үшін қазақстандықтардан ұсыныстар қабылдауды жалғастыруда. Бір ай ішінде азаматтардан 400-ге жуық жүйелі ұсыныс келіп түсті, олар негізінен әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар, тұрғын үймен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және т. б. мәселелерге қатысты. Ұсыныстар жинаудың маңызды кезеңдерінің бірі өңірлерге шығу болып табылады, олардың барысында жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен және халықпен кездесулер өтеді. ҚР Еңбекмині Ұлттық ресурстық орталығы жанындағы Әлеуметтік қамсыздандыру кодексінің жобасын әзірлеу жөніндегі сараптама тобының өкілі Жұмажан Жүкенов 7 өңірге барды, оның ішінде Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Батыс Қазақстан, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында болды. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/139690...

***

Министерство труда и социальной защиты населения РК продолжают принимать предложения от казахстанцев для разработки концепции Кодекса социального обеспечения РК. За месяц от граждан поступило порядка 400 системных предложений, которые в основном касаются вопросов социальных выплат и пособий, обеспечения жильем, цифровизации госуслуг и др. Одним из важных этапов сбора предложений являются выезды в регионы, в ходе которых проходят встречи с руководителями местных исполнительных органов и населением. Представитель экспертной группы по разработке проекта Кодекса социального обеспечения при Национальном ресурсном центре МТСЗН РК Жумажан Жукенов посетил уже 7 регионов, в числе которых Акмолинская, Жамбылская, Карагандинская, Туркестанская, Западно-Казахстанская, Атырауская и Восточно-Казахстанская области. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/139690...

0
0
208

Осы тақырып бойынша