Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік инстанцияларда...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік инстанцияларда адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу және азаматтардың коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайту мақсатында қазақстандықтарға ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүгінуді ұсынады.

Әкімдіктер мен халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінетін азаматтар үшін алфавиттік тәртіппен өтініш беру графигі көзделеді. Халықтың жаппай шоғырлануын болдырмау үшін Еңбекмині мемлекеттік инстанцияларға тиісті ұсыныс берді.

Сондай-ақ, III тоқсанда АӘК тағайындау мерзімі ұзартылмайды. Айта кетейік, I тоқсандағы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға сол кезде төтенше жағдай режимінің әрекет етуіне байланысты төлемдер тағайындау мерзімі ұзартылған болатын.

Еліміздің барлық өңірінде АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Толығырақ: https://www.gov.kz/…/mtszn-rekomenduet-kazahstancam-podavat… ----------------------------------------------------------------- В целях недопущения массового скопления людей в государственных инстанциях и минимизирования рисков заражения граждан коронавирусной инфекцией Министерство труда и социальной защиты населения РК рекомендует казахстанцам с 1 июля т.г. обращаться за назначением адресной социальной помощи через портал электронного правительства egov.kz.

Для тех граждан, которые обратятся в акиматы и центры занятости населения, предусматривается график подачи заявления в алфавитном порядке. Соответствующая рекомендация дана МТСЗН государственным инстанциям для исключения массового скопления людей.

Также в III квартале не будет пролонгации назначения АСП. Напомним, получателям адресной соцпомощи I квартала пролонгировали назначение выплат во II квартале в связи с действием на тот момент режима ЧП.

Подчеркнем, что в рамках реализации нового механизма оказания АСП во всех регионах страны ведется работа по обеспечению детей дошкольного возраста из малообеспеченных семей гарантированным социальным пакетом.

Подробнее: https://www.gov.kz/…/mtszn-rekomenduet-kazahstancam-podavat…

0
0
263

Осы тақырып бойынша