Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі еліміздің кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлерін ...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі еліміздің кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлерін Қазақстан кәсіподақтары күнімен құттықтап, еңбектеріне жеміс тіледі. «Қазақстанның кәсіподақтары – тұрақтылықтың тірегі, әлеуметтік-еңбек қатынастарының базалық элементі. Сіздер басты міндеттеріңізді – еңбек адамдарының заңды құқықтары мен өмірлік мүдделерін қорғау міндетін абыроймен атқарып келесіздер және сол арқылы жоғары сенімге ие болдыңыздар. Қазіргі уақытта әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде 3 млн-нан астам қызметкерді біріктіретін кәсіподақтар құрылып, жұмыс істеуде. Соңғы жылдары біз қызметкерлердің мүдделері мен құқықтарын қорғауға бағытталған бірлескен іс-шараларды белсенді өткіздік. Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылы кәсіподақтардың рөлін күшейтуге және әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде әлеуметтік диалогты дамытуға бағытталған «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізілді. Мемлекетке еңбек қатынастары субъектілерінің мүдделерін оңтайлы үйлестіруге қол жеткізе алатын мықты және жауапты кәсіптік одақтар қажет. Қоғамдық қатынастарды реттеудегі кәсіподақтардың рөлі неғұрлым маңызды болса, соғұрлым олар өздерінің негізгі мақсатын – жұмыскерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауды тиімді әрі сәтті жүзеге асыра алады. Қазақстан кәсіподақтарына белсенді де жемісті жұмыс тілеймін! Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы өзінің 30 жылдығын атап өтуде. Кәсіподақтар федерациясымен көп жылдар бойы сындарлы және іскерлік қарым-қатынас орнаттық. Федерация – әлеуметтік әріптестіктің ең мүдделі және елеулі тарапы, барлық келіссөздердің бастамашысы. Сіздерге еңбектеріңізге толағай табыс, амандық және өркендеу тілеймін!» – делінген Біржан Нұрымбетовтің құттықтауында. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/107789...

-----------------------------------------------------------------

Министр труда и социальной защиты населения РК поздравил работников профсоюзных организаций страны с Днем профсоюзов Казахстана и пожелал им плодотворной работы. «Профсоюзы Казахстана – это опора стабильности, базовый элемент социально-трудовых отношений. Вы достойно осуществляете главную задачу – защиту законных прав и жизненных интересов людей труда, чем заслужили высокое доверие. В настоящее время на всех уровнях социального партнерства сформировались и действуют профессиональные союзы, которые объединяют более 3 млн работников. За последние годы мы активно провели совместные мероприятия, направленные на защиту интересов и прав работников. Как вы знаете, в текущем году внесены поправки Закон РК «О профессиональных союзах», который направлен на усиление роли профсоюзов и развитие социального диалога на всех уровнях социального партнерства. Государство заинтересовано в сильных и ответственных профессиональных союзах, способных достигать оптимального согласования интересов субъектов трудовых отношений. Ведь чем значительнее будет роль профсоюзов в урегулировании общественных отношений, тем эффективнее и успешнее они смогут осуществлять свое главное предназначение – защиту социально-трудовых прав и интересов работников. Желаю профсоюзам Казахстана активной и плодотворной работы! Вместе с тем, свое 30-ление отмечает Федерация профсоюзов Республики Казахстан. С Федерацией профсоюзов у нас сложились многолетние конструктивные и деловые отношения. Федерация – наиболее заинтересованная и последовательная сторона социального партнерства, инициатор практически всех переговоров. Желаю Вам плодотворной работы, творческих успехов, благополучия и процветания!» – говорится в поздравлении Биржана Нурымбетова. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/107789...

0
0
272

Осы тақырып бойынша

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі еліміздің кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлерін ... - Yvision.kz