ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов аға буын өкілдеріне зор ...
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов аға буын өкілдеріне зор денсаулық, ұзақ өмір, бейбіт аспан мен бақ-береке тілей отырып, Қазақстанның барлық зейнеткерлерін Қарттар күнімен құттықтады. «Аса құрметті зейнеткерлер, сіздерді шын жүректен Қарттар күнімен құттықтаймын! Аға ұрпақ адамдары - отансүйгіштіктің, адалдықтың, үлкен шыдамдылық пен жарқын болашаққа сенімділіктің айқын үлгісін көрсететін еліміздің алтын қоры, даналық пен дәстүрді сақтаушылар екені анық. Осы керемет және жылы мерекеде сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін! Сіздердің әр күндеріңіз жақындарыңыз бен айналыңыздағы жандардың мейірімділігі мен сүйіспеншілігіне, қамқорлығына толы бола берсін! Лайым егде жас еңсені түсірмей, ұзақ та баянды ғұмырға жетелесін!» - деп құттықтады қарияларды Біржан Нұрымбетов.
-----------------------------------------------------------------
Министр труда и социальной защиты населения РК Биржан Нурымбетов поздравил всех пенсионеров Казахстана сДнем пожилого человека, пожелав людям старшего поколения крепкого здоровья, долгих лет жизни, мира и благополучия. «Многоуважаемые пенсионеры, сердечно поздравляю вас с Днем пожилых людей! Люди старшего поколения – это золотой фонд страны, хранители мудрости и традиций, подающие пример патриотизма, преданности делу, великого терпения и оптимизма. В этот замечательный и светлый праздник искренне желаю вам крепкого здоровья, долгих лет жизни, мира и благополучия! Пусть каждый ваш день будет согрет теплом добра, любви и внимания со стороны близких и окружающих!Пусть преклонные годы не станут поводом для уныния, а жизненных сил хватит надолго!» – обратился со словами поздравления к пожилым гражданам РК Биржан Нурымбетов.
