Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Менің арманым» әлеуметтік жобалар ұлттық байқауын ұсынады.


Сіз жоғары сынып оқушысы немесе студентсіз, және сіздің жүзеге асыруды армандап жүрген бірегей жобаңыз бар ма? Онда «Менің арманым» әлеуметтік-интеллектуалдық шоуына қатысыңыз!

Біз жастардың қызықты жобаларын іздеуді жалғастырамыз. Бұл жайында таныстарыңыз бен достарыңызға айта жүріңіз! Олардың ішінде осы мүмкіндікті күтіп жүрген жандар болуы мүмкін. Өтінімдер http://meninarmanim.kz ресми сайтында 20 шілдеден бастап 15 қыркүйекке дейін қабылданады. Қазірдің өзінде өтінім жібергендердің арасында - SMART-киіз үй, волонтерлар үшін IT-қосымша, тартылып қалған көлдерді құтқару және тағы басқа да жобалар бар.

Сырттай іріктеуден кейін ең үздік авторлар зияткерлік ТВ-шоуға қатысады. Ең ерекше әрі пайдалы идеяның авторын жобасын жүзеге асыру үшін 5 000 000 тенгеге қол жеткізеді.

«Менің арманым». Арманда! Әрекет ет! Жүзеге асыр!

*Байқауға 14-ке толған кез-келген жас қатыса алады. Шоуға қатысу - тегін.

 

0
0
1063

Осы тақырып бойынша