Әр азаматтың өтініші аяқсыз қалмайды.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының байланыстырушысы ретінде «Nur Otan» партиясының Күршім аудандық филиалы, аудандық сайлауалды штабы әр азаматтың өтінішін жерде қалдырмай, қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес оны шешу үшін барлық шаралар қабылдайды-деді, «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық сайлауалды штабының жетекшісі Қалелов Мамырбек Жәлімханұлы Күршім аудандық мәдениет үйіндегі сайлаушылармен болған кездесуде.
Кездесу жүйелік кестеге сәйкес 2020 жылдың 28 желтоқсаны күні өтті. Кездесуде «Nur Otan» партиясының аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Потанина Надежда Александровна сайлауалды бағдарламамен таныстырды. Сайлауалды штабтың жетекшісі, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер М.Қалелов «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты 2025 жылға дейінгі республикалық сайлауалды бағдарламамен таныстырып, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, аманаттарын жазып алды. Кездесуге келген тұрғындардың Бунтовских көшесіндегі №13,15,17 ПМК мөлтек ауданындағы көп қабатты үйлер орталықтандырылған ауыз суға қосу, ПМК мөлтек ауданда балалар ойнайтын алаң салу, көп қабатты үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу, ауданға Зайсан ауданындағы газ шығарып жатқан жерден газ құбырын тартуды ауданның даму бағдарламасына енгізіп, шешу жолдарын қарастырса деген аманаттарын тіркеп алды.
Кездесуді қорытындылай келе әр азаматтың өтінішін шешу үшін барлық шаралар қабылдайтын, талай жылдан бері арман болған Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір құрылысын салуды бағдарламасына енгізіп отырған «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
