Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Пугачев ауылдық округінің өзін-өзі жұмыспен қамтылған тұрғындарымен кездесу өтті

Бүгін ағымдағы жылдың 3 қарашасында Пугачев ауылдық округінің өзін-өзі жұмыспен қамтылған тұрғындарымен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат- Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін қоғамдық штаб жетекшісі О.Тулемисов кездесу өткізді.Штаб жетекшісі өзін-өзі жұмыспен қамтылған тұрғындарды Қ. Токаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Қ.Тоқаевтың "Мен ұсынып отырған сайлауалды бағдарламаның екінші басты қағидаты – ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА. Бұл халықтың, бизнестің және мемлекеттің мүддесін бірдей қорғауға негізделген әділетті экономика құру, ресурстарды тиімді пайдалану деген сөз. «Еңбегіне қарай – өнбегі» дейді халқымыз. Сондықтан, өнімді жұмыс атқаратын заманауи еңбек нарығы құрылады. Бұл халықты барынша жұмыспен қамтуға, әлеуметтік топтардың арасындағы алшақтықты азайтуға және өңірлердің мейлінше бірдей дамуына мүмкіндік береді" деп айтқан сөздері баяндалды. Ағымдағы жылдың 20 қарашасы күні өтетін ҚР Президентін сайлауына бір кісідей қатысып, дауыс беруге шақырды. #Toqaev2022

0
0
146

Осы тақырып бойынша