Прокуратура Тараздағы студенттер құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді
2014 жылғы 25 сәуірде Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінен (ЖГТУ) білім беру қызметімен айналысуға рұқсат беру қағазы кері қайтарылып алынды.
Бұл сот шешімі заңды күшіне енді. Көрсетілген шешімге ЖГТУ ректорының шағымдарын қанағаттандыру үшін негіздемелер жоғары тұрған сот инстанцияларымен және прокуратура органдарымен анықталған жоқ.
