Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Профилактикалық бақылау жүргізу

Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барумен профилактикалық бақылау жүргізудің бекітілген тізіміне сәйкес Федоров және Қарабалық аудандарында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша профилактикалық бақылау жүргізді. Мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілу мәніне мәдениет, денсаулық сақтау нысандары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету объектілері тексерілді. Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша барлық субъектілерге орындау мерзімімен мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізілді.

Профилактикалық бақылау барысында «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің ұжымымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Департамент қызметкерлері қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда, үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тәртібі, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын жүзеге асыру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді, кедергісіз орта құру бойынша ұсыныстар берді.

Кездесу барысында туындаған сұрақтарға жауаптар берілді.

Проведение профилактического контроля.

Специалистами отдела по контролю в сфере социальной защиты населения Департамента в соответствии с утвержденным списком проведения профилактического контроля с посещением субъектов (объектов) контроля проведен профилактический контроль в Федоровском и Карабалыкском районах по соблюдению законодательства Республики Казахстан о социальной защите инвалидов. На предмет обеспеченности доступом для инвалидов проверены объекты культуры, здравоохранения, а также объекты по предоставлению государственных услуг. По итогам профилактического контроля всем субъектам внесены предписания об устранении нарушений законодательства о социальной защите инвалидов со сроками исполнения.

В ходе профилактического контроля была проведена разъяснительная работа с коллективом ГУ «Отдел занятости и социальных программ акимата Карабалыкского района».

Сотрудниками Департамента были даны разъяснения действующего законодательства, а именно о порядке предоставления специальных социальных услуг на дому, реализация индивидуальных программ реабилитации инвалидов, а также рекомендации по обеспечению доступной, безбарьерной среды для лиц с ограниченными возможностями на объектах.

Были даны ответы на поставленные вопросы, возникшие в ходе встречи.

0
0
410

Осы тақырып бойынша

Профилактикалық бақылау жүргізу - Yvision.kz