Профессор Ильдар Қалиев университеттің оқытушылар құрамымен кездесті
Бүгін «Торайғыров университеті» КЕАҚ Әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының директоры, с.ғ.к., профессор Ильдар Қалиев университеттің оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесу барысында қатысушылар өткен сайлаудың қорытындыларын талқылап, ғылым мен білімді дамытуды көздейтін партиялық бағдарламаға жүгінді. Бұл сұрақ университет ғалымдарының назарын аударды. - «Nur Otan» партиясының жеңісін заңды процесс деп атауға болады. Біз көптеген жылдар бойы барлық партиялық бағдарламалар халықтың өмірін жақсартуға бағытталғанын көрдік және бұл бағдарламалар шынымен де жұмыс істеп, нәтиже берді. Мен сайлаудағы табыс сайлауалды бағдарламаның елді дамыту жөніндегі одан арғы жоспарларды толық көлемде көрсетуімен де байланысты болғанына сенімдімін. Қазақстан халқының тұрақтылық пен дамуды бірауыздан таңдағаны қуантады, – деді И.Қалиев. ______________ Сегодня директор Института социально-политических исследований НАО «Торайгыров университет», к.полит.н., профессор Ильдар Калиев встретился с преподавательским составом университета. В ходе встречи участники обсудили итоги прошедших выборов, а также обратились к партийной программе, которая предусматривает развитие науки и образования. Этот вопрос вызвал наибольшее внимание со стороны ученых университета. – Победу партии «Nur Otan» можно назвать закономерным процессом. Мы видели на протяжение многих лет, что все партийные программы нацелены на улучшение жизни населения, и эти программы действительно работали, приносили результаты. Я уверен, что успех на выборах был обусловлен и тем, что предвыборная программа в полной мере отразила дальнейшие планы по развитию страны. Радует, что народ Казахстана единогласно выбрал стабильность и развитие, – сказал И. Калиев.
