Проблемалық мәселелер талқыланды
23 қазан күні "Nur Otan" партиясы Темір аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Азамат Нұрғалиев мәдени сала қызметкерлерімен кездесіп, проблемалық мәселелерді талқылады. Кездесу барысында аудан бойынша, оның ішінде аудан бойынша мәдени саладағы жетістіктер мен қосымша атқарылуға тиісті сұрақтар талқыланды. Атқарылған да атқарылатын да жұмыстар жетерлік. Ал ауыз толтырып айтатындай үлкен проблемалық, яғни шешімі табылмайтын күрделі мәселелер болған жоқ. Алдағы атқарылатын жұмыстар пысықталып, партия тарапынан қолдау табылатындығы баса айтылды.
