ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Проблема» бар, бірақ, бізде ғана емес!

Желіде жиі отырмасам да, анда-санда бас сұғып, кіріп қоямын. Ел не дейді? Кім, не істеп жатыр дегендей...

Бір таңғалатыным, кей адамдар жеке басының психологиялық ахуалын желіге «құсып» кеп жібереді. Отбасымен жан-жалы, жұмыстағы кикілжіңдер, көршісімен болған «айқай-шу» т.с.с «қырт» мәселелерін ортаға кеп талқылайды. Одан бөлек, «қызып» алып, мемлекеттік жүйені жамандап, көки жөнеледі. Еуропа керемет!, АҚШ мұндай, біз бұндаймыз, неге ондай? Кім кінәлі? Елбасы немесе төңірегінде жүрген «шенеуніктерге» қойып кетеді. Назарбаев та адам. Етпен сүйектен жаратылған. Оның да сезімі, эмоциясы бар. Қатты айтсақ, «құлқыны» бар. Ішеді, жейді. Бірақ, билік бәрін құртты, халық тобыр, ешкім бас көтермейді. Дамуымыз кенжелеп, құрдымға кетудің алдында тұрмыз деген психологиялық шерудің не керегі бар?(!)

Бетін аулақ қылсын! Егер, алда-жалда сондай бір «өзгеріс» болды делік, оны жеке бас пайдасы пайдаланып кетуші, «машина» тұрғанын солар қалай білмейді?

Олар кімдер?, деуі мүмкін. Сіз мақтаған, Еуропа мен АҚШ ңыз, Шығыстағы Қытайыңыз бен Батыстағы Ресейіңіз болуы мүмкін. Трансұлттық қаржылық топтарға жем болмайық, ағайын! Олар, тіпті жаман, түтіп жейді. Әр қадамымызды ойланып, ақылмен жасайық. Қол қышып бара жатса, аулаға «груша» іліп, соны ұрыңыздар. Сол пайдалырақ!

Ал, «проблема» кімде жоқ? Бәрінде бар, жұмыр басты пенде сол «проблеманы» көру үшін, «сынақтан» өту үшін жаратылған. Осыны есте ұстайық, ағайын!