Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевты қолдау қоғамдық штабының мүшесі еңбек ардагерлерімен кездесті.
Мұсағали Орынғалиұлы Президентіміз Қасым-Жомар Кемелұлының осы қызметтегі атқарылған жұмыстары туралы айтып, Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелерді кеңінен талқылады. Әсіресе, мәдениетті дамытуға, мемлекеттік тілді қолдауға, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге айрықша мән берілді. Сонымен қатар, халқымыз Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегінде топтасуы тиіс екенін атап өтті. «Президенттің саясаты мен іс-қимылы, бірінші кезекте, мемлекет мүддесін қорғап, ел тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Халықтың қалауы да – осы! Бір сөзбен айтқанда, ел мүддесі де, ер мүддесі де бір жерден шығып отыр», – деді ол.
Теректі ауылының ақсақалдары 20 қараша күні сайлауға қатысып, Қ.Тоқаевты қолдайтынын айтты.
#Toqaev2022
