Президент Жолдауы – жарқын болашақ бағдары
«Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев «ZOOM» қосымшасы арқылы этно-мәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.
Еліміздегі ұлттар арасындағы бірлік пен ынтымақтастық дамуға бастайтындығын тілге тиек еткен Қуат Сұлтанұлы партия төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы жемісті еңбек етіп жатқандығын айтты. Ассамблея қазақстандықтарды бір шаңырақтың астына біріктіріп, қуатты мемлекет құруға бастайды.
Сонымен қатар онлайн кездесу барысында мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың еліміздің жаңа жағдайдағы іс-қимыл кезеңін айқындайтын биылғы Жолдауы талқыланды.
