Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Президент: Әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеуге 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді

«Біздің бағдарламамызда негізгі 4 басымдық бар. Бірінші - әр азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндік беру. Біз әлеуметтік-экономикалық саясатта нарық тәсілдерін басшылыққа аламыз. Қаржыны және жәрдемақыны негізсіз, оңды-солды таратуды доғару қажет. Мемлекет атаулы көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға беру керек. Ең бастысы - әлеуметтік әділдік», - деді ҚР Президенті. Мемлекет басшысы сол себепті мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға баса мән берілетіндігін айтты. «Әлеуметтік саясатты жүргізгенде қиындыққа тап болған азаматтарға атаулы көмек көрсету шаралары күшейтіледі. Алдағы 5 жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді. Ортақ зейнетақы мөлшері де жыл сайын индекстелетін болады. Бұл ретте біз мұны инфляция деңгейіне 2 пайыз қосып жүзеге асыруды ұсынып отырмыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/prezident-aleumettik-tolemderdi-zhyl-sayyn-indeksteuge-3-trln-tengeden-astam-karazhat-bolinedi_a3722784

2
0
193

Осы тақырып бойынша

Президент: Әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеуге 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді - Yvision.kz