Пресс-релиз (Астана қ-сы, 10 қыркүйек 2014ж.)
Бүгін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркельдің АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары Дэниель Натан Розенблуммен кездесуі өтті.
Кездесу барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастық, соның ішінде қылмыстық құқық саласындағы шарттық база мен құқықтық көмекті ұлғайту және нығайту жөніндегі біршама мәселелер талқыға салынды.
http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/press-reliz-astana-k-sy-10-kyrkuyek-2014zh
