Праймеризге қатысқан кандидаттын пікірі
Құрметті жерлестер!
Уақыт өте келе өткен өмірді саралайтын, кешегі күнді еске түсіріп, жасалған істерге тиісті баға беретін кез әркімде болатыны аян. "Мен осы уақытқа дейін қандай іс тындырдым, еліме, жақындарыма, отбасыма қандай пайдамды тигіздім?" деген сауал қойып, оған жауап қайтару заңдылық. Осы тұрғыдан мен де өзімнің жеке, кәсіби, қоғамдық өміріме белгілі мерзім өте баға беріп, нәтижелерді жинақтаймын.
Жоғары оқу орнын аяқтаған соң менің еңбек жолым бірден басталып кетті, осы уақытқа дейін атқарған қызметім, жасаған жұмыстарым, жинақтаған тәжірибем - менің басты жетістігім. Алтын қаламды қолыма аманат етіп сыйлап, ел үшін еңбек етуге мүмкіндік берген Алланың қолдауымен жақсылықтың жаршысы болып ұзақ жылдар бойы адал қызмет атқарып келемін. Негізгі жұмыспен қоса қоғамдық бастамалардан бас тартпаймын. Бұланды аудандық Қоғамдық, аудандық Әйелдер кеңестерінің мүшесімін.
Праймериз - менің кәсіби және қоғамдық өміріме ерекше өрнек салып, жаңа белестерді бағындыруға жігер берді. Жерлестерімнің қолдауы жасап жатқан ісімнің бекер еместігін сезіндірді. Алда әрі талай асу, жүзеге асырылатын қарқынды жоспарлар, жоғары жетістіктер бары сөзсіз. Ал оларға жету үшін аянбай еңбек ету керек. Бәріміз бірге, бір жұдырықтай, ортақ мүдде үшін!
Партияластарыммен бірге биік мақсаттарға бірге жетуге дайынмын!
#праймериз
