«Праймериз – белсенді азаматтарға әлеуметтік лифт ретінде»
«Праймериз – белсенді азаматтарға әлеуметтік лифт ретінде» 2020 жылғы 21 тамыз күні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, аудандық партия филиалының мәжіліс залында «Праймериз – белсенді азаматтарға әлеуметтік лифт ретінде» атты аудан белсенділері, блогерлер, әлеуметтік желі белсенділері қатысуымен онлайн жиын өтті. Жиынды «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сатибаев жүргізді. А.Қожабекұлы күн тәртібіне орай БПҰ-да ішкі партиялық іріктеуге(праймериз) партия мүшелерінің қатысуы, олардың арасында үгіт-насихат жұмыстарының ұйымдастырылуы, праймеризді ұйымдастырудың міндеттері, қағидаттары мен тәсілдері бойынша қысқаша түсіндіре отырып, бүгінгі таңда аудан бойынша БПҰ-нан 7 адам, өзін-өзі ұсыну арқылы 15 адам кандидат болып тіркелгені, праймеризге қатысуға белсенділік танытушылар күннен күнге көбейіп келе жатқаны жайлы айтты. Праймериздің ұйымдастырылуы барысы әлеуметтік желіде, БАҚ-да белсенді жарияланып, ақпараттар берілуде. Жиын барысында праймериздің белсенді өткізілу, ұйымдастырылу бойынша уақытылы, сапалы ақпараттар берілуі басты назарда болуы керектігі айтылды.
