Православиелік христиандарды Рождество Христова мерекесімен құттықтаймыз!
Православиелік христиандарды және барша қазақстандықтарды Рождество Христова мерекесімен құттықтаймыз!
Бұл күн – құлшылық етушілерді мейірім мен ізгілік шуағына, үміт пен өзара түсіністік шырайына біріктіре әрі топтастыра түседі. Рождество Христова мейрамының маңыздылығы әлемде үлкен сипат алған. Жер шарында бұл ұлы мереке ретінде кеңінен аталып өтіліп, баршаны махаббат пен сүйіспеншілікке бөлейді. Жыл сайын қайталанып отырса да жаңғырып тұрады.
Өз азаматтарының діни көзқарастарына құрметпен қарау – еліміздегі конфессияаралық келісімнің басты негізі болып есептеледі. Әлем Қазақстанды өзіндік экономикалық моделі және сындарлы саяси реформалары бар қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде жақcы таниды.
Қайырымдылық пен мейірім шуағы өзара бірлігімізді нығайта берсін!
Әрқайсысымыздың жүрегімізде жақындарымызға, халқымызға, мемлекетімізге деген сүйіспеншілік орнап, ынтымағымыз ырысты бола берсін!
Әр отбасына бақ-береке, татулық пен ізгілік тілейміз!
