PR мамандығы!
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультетінде 2010 жылы PR мамандығы қайтадан ашылды. PR - бұл ағылшынша «public relations» сөзінің қысқартылған түрі, оны қазақ тіліне аударғанда , қоғаммен байланыс немесе жұртшылықпен байланыс деген мағынаны білдіреді. PR – қоғам мен билік арасындағы кері байланысты орнату, халықтың сеніміне ену, қоғамдастықты ақпараттандыру құралы болып табылады. Қазіргі таңда Қазақ Ұлттық Университетінде пиар мамандығында қазақ бөлімінде 25 студент орыс бөлімінде 30 студент оқиды. PR мамандығы бұл елімізге өте қажет мамандықтың бірі . Сондықтан болашақта осы саланы одан әрі дамытып , пиар мамандарының көбеюіне септігін тигізеді!
