PR-дағы IT технологиялар
PR-дағы IT технологиялар
Ақпараттың және компьютерлiк, ақпараттық технологиялардың арқасында қазiргi саясат жаhандық саясатқа айналды. Бұл саясат үшiн ұлттық, мемлекеттiк және басқадай шекара жоқ. Ол қоғамдық өмiрдiң бүкiл саласына, ал ең бастысы адамның санасына дендеп ене бастады. Ақпараттың арқасында ол бұрын қалыптасқан дағдылы ұғымдарды жойып, жаңа мифтер жасау арқылы адамдардың психологиясына әсер етiп, оны өзгерту мүмкiндiгiне ие болды. Дүние келбетiне бұқаралық ақпарат құралдары себiн тигiзуде. Осы тұрғыдан келгенде, бүгiнде қандай да бiр мемлекеттiң қуаты әскери, бәлки экономикалық қауқарымен ғана емес, ақпараттық әлеуетiмен де өлшенетiнiн айтқан жөн. Ақпараттық қоғамда жаңа ақпараттық, компьютерлiк технологиялармен жұмыс iстеу, игеру, сұраныстан артта қалу, пәндер интеграциясының толық деңгейде ескерiлмеуi гуманитарлық және жаратылыстану даярлықтарына көңiл бөлмеудiң салдарынан болды. Негізінен алғанда ақпараттық технологиялар PR маманының жұмыс атқаруына зор үлесін қосады, тіпті бүкіл атқаратын қызметі осыған байланысты десек те болады.
Кеңінен толғап айтқанда, ақпаратты тарату құралдары жекеше (ауызекі) және көпше коммуникация түрі болуы мүмкін. Ақпаратты жекеше коммуникация құралдары арқылы беру коммуникатордың аудиториямен жеек байланыста болуын талап етеді; кәпше коммуникация өқралдары болса, мұндай байланысты талап етпейді, мұның өзі жедел кері байланыс орнату мүмкіндігінен айырады.
Ақпарат тарату құралдары, біріншіден, олардың жауапты хабарламаны таратуға жарамдылығы тұрғысынан қарастырылады. Екіншіден, олардың әрқайсысын пайдалануға байланысты шығындарды бағалау қажет. Үшіншіден, ақпарат тарату құралдары қамтитын ауқымды зерттеген жөн. Төртіншіден, бұл құралдарды бәсеклкстердің қайсысы және қалайша пайдаланатынын білу де маңызды. Ақыр-соңында бұл құралдардың барлығын икемділігі, коммуникациялық хабарламаның ұзақтығы тұрғысынан талдау қажет.
Ақпарат тарату құралдарын бағалау олардың неғұрлым қолайлысын, болмаса олардың жиынын таңдап алумен аяқталады. Жекеше коммуникация құралдары арасында таңдау клиентурамен тікелей байланыс жасайтын фирма қызметкерлері арқылы хабарлама беруге түсуі ықтимал; содай-ақ қажетті ақпарат таныс және жақын адамдардың пікірі, тәуелсіз мамандардың толғамдары арқылы таратылуы мүмкін. Соңғы екі арнамен хабарлама мақсатты аудиторияға күрделі түрде беріледі, дегенмен тұтынушылардың солардан алған ақпаратқа сенімі көбірек болады. Көпше коммуникация құралдары арасында бұқаралық ақпарат құралдарын бәліп алған дұрыс, оладың көмегімен ауқымды аудиторияны да, сондай-ақ тұтынушылырдың арнайы топтарын да қамтуға болады.
Ақыр соңында, ақпарат таратудыңтаңдап алынған құралдарын пайдалану саласында бірқатар қажетті шараларды қабылдау қажет. Бұл шешімдер әрбір мақсатты аудиторияға арналған коммуникациялық хабарлардың жиілігі мен саны, сондай-ақ нақты хабарлама жасалатын жер мен уақыт сияқты проблемеларға қатысты болады.
Қазіргі заман талабына сай қоғаммен байланыс саласында қалыптасып қалған әдістермен қатар ғаламдық интернет желісі беретін мүмкіндіктерді пайдалануға негізделген технологиялар үлкен мәнге ие.ПР саласы маманының көзқарасы тұрғысынан алғанда интернетті бірінші кезекте коммуникацияның жаңа каналы ретінде қарастыру керек.Барлық коммуникациялық каналдар үлкен екі топқа жіктеледі:табиғи (вербальді және вербальді емес) және жасанды (документальды және электронды).Интернет коммуникацияның жасанды электронды каналына жатады.
Коммуникацияның жасанды каналдарының пайда болуы,олардың санының ұдайы артуы мен ақпаратты берудің техникалық әдістерінің күрделенуі,сонымен қатар табиғи каналдардың маңызының азаюы фиксацияланған тарихи тенденция болып табылады.Адамдардың дифференцияланған қоғам жағдайындағы қарым-қатынасқа деген қажеттіліктің артуы жасанды каналдардың пайда болуының негізгі себебі.Жасанды коммуникациялық каналдарды пайдалануды қажет ететін қарапайым оқиға коммуникациялық үрдіске қатысушылардың аумақтық алшақтығымен байланысты.Ақпараттық қоғам жағдайында қашықтық емес,берілген ақпараттың көлемі мен қиындық деңгейі маңызды орын алады.
Алайда интернет тек қана коммуникация каналы ғана емес,ақпаратты сақтау орны болып табылады.
Тиімді желіде ПР-маманының жұмысын атқаратын IT-технологиялардың анықтамасы мен сараптамасы:
-электронды почта;
-маркетингтік және әлеуметтік зерттеулердің жүргізілуі;
-корпоративтік вэб-сайт;
-БАҚ өкілдерімен жұмыс.
Е.Н.Пашенцов «Bell корпорациясы электронды почтаны пайдаланудың арқасында прессаға арналған басып шығару материалдарына 50 % үнемділікке қол жеткізген.
PR мамандары электронды почтаны келесі жағдайларда пайдаланады:
- Тапсырыс берушілердің сұранысына жауап беру үшін;
- Ұйым ішінде ақпарат тарату үшін;
- Ақпараттық бюллетендерді жіберу үшін;
- Дискуссиялық топтарға қатысу үшін;
- Журналистермен байланысу үшін.
