Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Пойтах» бастауыш партия ұйымымен онлайн кездесу

Бүгін «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы саяси кеңес мүшелерімен ҚР Президентінің 2020 жылы 1 қыркүйекте өткен жолдауын талқылау аясында бойынша «Пойтах» бастауыш партия ұйымының партия мүшелерімен онлайн кездесу өткізді.

Бүгінгі таңда ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз - тек қана өзара сыйласу емес. Қазақстандық қоғамда қалыптасқан рухани құндылықтар зайырлы мәдениетке, азаматтық қоғам нормаларына, білімге, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне терең еніп кетті. Көпұлтты және көпконфессиялы қоғам Қазақстанның даму стратегиясының ресурсына айналды. Бейбітшілік пен татулықты нығайту, діни төзімділік, қайырымдылық, жалпыұлттық сананың, мұраттың қалыптасуына, жалпы азаматтық және демократиялық құндылықтар негізінде қоғамның ұйысуын қазіргі таңда ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне жатқызуға болады.

Сондықтан болар, бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық татулықты сақтап, ұйытып отырған бірегей мемлекет ретінде дүниежүзіне танылып, өзгелерге үлгі болатындай дәрежеге жетті.

Іс – шараға «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы төрағасының Бірінші орынбасары Болысбек Мұхаммеджан Әбдіәшімұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кенесінің мүшесі, «Nur Otan» партиясының мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Пулатов Шерзод Аббозович және де саяси кеңес мүшелері қатысып өз пікірлерін білдірді.

0
0
217

Осы тақырып бойынша

«Пойтах» бастауыш партия ұйымымен онлайн кездесу - Yvision.kz