Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Пойма май комбинаты" ЖШС қызметкерлерiмен кездесу

ҚР Парламент Мəжiлiсiне үмiткер Снежанна Имашева, облыстық мəслихат депутаттығына үмiткер Мұрат Джакибаев, "Nur Оtan" партиясы Теректi аудандық филиалы тɵрағасының бiрiншi орынбасары Мирхат Ибраев жəне Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Сержан Идиятов Пойма ауылындағы "Пойма май комбинаты" ЖШС қызметкерлерiмен кездестi.

Жиында партияның сайлауалды бағдарламасы толық таныстырылып, үгiт-насихат қағаздары таратылды.

Зауыт қызметкерлерi ɵздерiн толғандырған сұрақтарына жауап алды.

Ɵндiрiлген май ɵнiмдерiн Қытай, Тəжiкстан, Ресей, Ɵзбекстан мемлекеттерiне экспорттап жүрген Теректi ауданындағы iрi мекемелердiң қатарындағы зауыттың тыныс-тiршiлiгiмен танысқан Снежанна Валерьевна қызметкерлерге сəттiлiк тiлеп, 2021 жылдың 10 қаңтарында ɵтетiн сайлауда "Nur Оtan" партиясына дауыс беруге шақырды.

2
0
276

Осы тақырып бойынша

"Пойма май комбинаты" ЖШС қызметкерлерiмен кездесу - Yvision.kz