Поэзиялық кеш
Үржар ауданында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Абылқасымов Айжарық Құбашұлының "Мен әлі өмір кешемін" атты шығармашылық кеші болып өтті. Кеш барысында Айжарық Құбашұлын Нұржан Тілеужанұлы аудан әкімдігі атынан, аудандық мәслихат депутаттары атынан құттықтап, қазақ игі дәстүрімен иығына шапан жапты. Сонымен бірге Айжарықтың өмірлік серігі болып, әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқан жұбайына Күлбаран Тілеубергенқызына жылы лебізін білдірді. Шығармашылық шарада ақынның өлеңдері оқылып, әндері айтылды.
