ПКР мүшелері БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді.
ПКР мүшелері БАҚ өкілдерімен, журналистермен, блогерлермен Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жаңа шындықта: әрекет ету уақыты» Жолдауын түсіндіру бойынша онлайн кездесу өткізді.
- Баршамызға мәлім, Президент Жолдауы еліміздің дамуына жаңа серпін беріп, ертеңгі күннің бағыт-бағдарын айқындайды. Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында 11 бағытта атқарылатын нақты жұмыстарды бекітіп берді. Оның ішінде мемлекет басқарудың жаңа үлігісі, экономикалық даму, аумақтық даму, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, сапалы білім, денсаулық сақтау, экология, цифрландыру, азаматтарды мемлекеттік басқаруға тарту және ұлттың жаңа болмысына тоқталып өтті. Бұл – еліміздің жарқын болашағы үшін жасалып жатқан жұмыстар. Оның орындалуына баршамыз атсалысуымыз керек.
