Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Пиротехникалық өнім қауіпсіздігі туралы

Пиротехникалық өнім – пиротехникалық құрамның жануы (жарылуы) көмегімен қажетті әсерді алуға арналған өнім. Пиротехникалық құрамның және олардың химиялық өзгеруі кезінде жүретін үрдістердің сипаттамасына байланысты пиротехникалық өнімдер өрт қауіпті және жарылыс қауіпті болып бөлінеді.

Тағайындалуы және қолданылу шарттары бойынша пиротехникалық өнімдер екі топқа бөлінеді.

1) Тұрмыстық тағайындалулы пиротехникалық өнімдер – халыққа еркін сатуға рұқсат берілген, оларды қолдану арнайы білім мен біліктілікті қажет етпейтін, тек өнімге қоса берілетін қолдану бойынша нұсқама талаптарын қатал сақтап қолданылатын пиротехникалық өнімдер;

2) Техникалық және арнайы тағайындалулы пиротехникалық өнімдер, оларды қолдану арнайы білім мен біліктілікті талап етеді.

Пайдалану кезінде ықтимал қауіп дәрежесіне байланысты пиротехникалық өнімдер келесі қауіптілік топтардың біріне сәйкес келуі тиіс:

1 топ – қауіпті факторлар ішінде соққылық толқындар және жарылыс кезінде ұшатын пиротехникалық өнімдер, қауіпті аумақ радиусы 0,5 метр. Бұл негізінде, ғимаратқа арналға отшашулар: сақпан, бенгаль шамдары, үстел бұқақтары.

2 топ – қауіпті факторлар ішінде соққылық толқындар және жарылыс кезінде ұшатын пиротехникалық өнімдер, қауіпті аумақ радиусы 5 метр. Бұл көбіне бұрқақтар, петарда, жер бетіндегі отшашулар.

3 топ – қауіпті факторлар ішінде соққылық толқындар және жарылыс кезінде ұшатын пиротехникалық өнімдер, қауіпті аумақ радиусы 20 метр. Бұл салюттар, зымырандар, фестивалдық шарлар.

4 топ – қауіпті факторлар ішінде соққылық толқындар және жарылыс кезінде ұшатын пиротехникалық өнімдер, қауіпті аумақ радиусы 20 метр көп. Бұл кәсіби отшашулар.

5 топ – 1-4 топтарға енгізілмеген басқа пиротехникалық өнімдер, оларға қауіпті факторлар мен қауіпті аумақтар арнайы пиротехникалық өнімдерге техникалық шарттармен анықталады.

Пиротехникалық өнім қауіпсіздігіне талаптар орнататын құжат – бұл «Пиротехникалық өнім қауіпсіздігі туралы» КО ТР 006/2011 Кеден одағының техникалық регламенті (бұдан әрі – техникалық регламент). Осы техникалық регламент Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының «Пиротехникалық құрам және оларды құрайтын өнім қауіпсіздігі туралы» ұлттық техникалық регламенттер негізінде әзірленген.

Осы Кеден одағының техникалық регламенті 2012 жылы 15 ақпанда күшіне енді.

Пиротехникалық өнімнің Кеден одағының кедендік аумағында айналымы олардың техникалық регламент талаптарына сәйкестігі расталғаннан кейін мүмкін. Сәйкестік сертификатында (сәйкестік туралы декларацияда) қауіптілік тобы көрсетіледі.

Техникалық регламент талаптарына сәйкестігі расталмаған пиротехникалық өнімдер Кедендік одаққа мүше-мемлекеттер нарығында өнім айналымының бірыңғай таңбасымен заттаңбалануы керек және айналымға шығаруға жіберілмейді. Техникалық тағайындалулы пиротехникалық өнімдер айналымы 4 және 5 топты пиротехникалық өнімді таратуға лицензиясы (рұқсаттамасы) бар заңды тұлғалармен жүзеге асырылады.

Пиротехникалық өнімдер осы техникалық регламенттің талаптарына міндетті сәйкестікті растауға сәйкестік декларациясы және сертификаттау нысанында жатады.

Өндірушінің жеке қажеттілігіне және қызмет көрсетуге, немесе шартпен (келісімшартпен) соңғы пиротехникалық өнімді жинақтауға арналған пиротехникалық өнімдер, сондай ақ пиротехникалық өнімнің көрмелік (көрсетуші) үлгілеріне қатысты сәйкестікті растау талап етілмейді.

Сәйкестік туралы декларация мен сәйкестік сертификатының әрекет мерзімі – 3 жыл.

Сериялық шығарылатын пиротехникалық өнімдер үшін және сәйкестік сертификатының әрекет ету мерзімінде дайындалған жеке партиялар (өнім) үшін, сәйкестік сертификаты осы пиротехникалық өнімдердің жарамдылық мерзімі өткенге дейін жарамды.

Сәйкестікті декларациялау және сертификаттауды жүзеге асыру кезінде пиротехникалық өнімдердің параметрлерін зерттеу (сынау) және өлшеу аккредиттелген сынақ зертханаларымен (орталықтармен) жүргізіледі.

Толық ақпаратты Сіз Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында http://www.eurasiancommission.org алуыңызға болады.

Біздің мекенжайымыз: Көкшетау қаласы, Абай көшесі,107. Тел:25-57-89, Е-mail: [email protected]

Мурзалин Азамат Каратаевич

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы – Ақмола облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары

0
0
771

Осы тақырып бойынша

Пиротехникалық өнім қауіпсіздігі туралы - Yvision.kz