Пікірсайыс жеребесі
Пікірсайыс жеребесі
2020 жылғы 07 қыркүйек күні сағат 11:00 «Nur Otan» партиясы Іле аудандық праймеризді ұйымдастыру комитетінің ұйымдастырумен кандидаттардың пікірсайысын өткізу үшін әділдікті сақтау мақсатында жеребе тастау шарасы өткізілді. «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық праймеризді ұйымдастыру комитетінің жетекшісі А.Сатибаев кіріспе сөз сөйлеп, праймериздегі пікірсайыстың мақсаты, өткізілу тәртібіне қысқаша тоқталды. Тізім бойынша кандидаттар арасында кезекпен жеребе тартылып, әр кандидаттың қай күні, қай жерде пікірсайысқа қатысатыны анықталды. Кандидаттар тарапынан Р.Абилова, Д.Кузиев сөз сөйлеп, алдағы үгіт-насихат жұмыстары, пікірсайыс кезіндегі партияластарға сәттілік тіледі.



