PHP. Тұрақтылар
Кейбір тұрақты мәндерді айнымалыларда сақтау ыңғайсыздық туғызады. Тұрақты мәндер мысалы, математикалық <a href="http://mykaz.ru/tag/%d0%ba%d0%be%d0%bd%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d1%82%d0%b0">константа</a>, әртүрлі кілтсөздер, файл атауы болуы мүмкін. Константа құрылған кезде оған бір мән беріледі және сол бағдарламаның орындалу барысында өзгермейді. Оның айнымалыдан айырмашылығы да осында.
PHP- де константаны define() функциясының көмегімен анықтайды, яғни құрады. Бұл функцияның келесідей жазылады.
define ($name, $value, $case_sen);
$name — <a href="http://mykaz.ru/tag/%d0%ba%d0%be%d0%bd%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d1%82%d0%b0">константа</a> атауы;
$value — константаның мәні;
$case_sen — логикалық міндетті емес параметр;
Константаны анықтау және қолдану мысалы:
<?php
define("pi", 5.24, true);
echo pi;
// "5.24" экранға шығарылады
?>
Константаның құрылғандығын тексеру
Константаның құрылғандығын тексеру үшін defined() функциясын қолдануға болады. Егер константа бар болса «true»(ақиқат) мәнін қайтарады. Мысал келтірейік:
<?php
// pi константасын құрамыз.
define("pi",5.24,true);
if (defined("pi")==true) echo "Константа құрылған!";
// Скрипт "Константа құрылған сөзін экранға шығарады.
?>
