ПФ Целиноградская» және «Capital Projects LTD» ЖШС-не бару
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызметкерлері 2018 жылдың 28 қыркүйегінде «ПФ Целиноградская» және «Capital Projects LTD» ЖШС-де техникалық реттеу және метрология саласына қатысты қолданыстағы заңнамалар мен нормативтік құжаттар талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кәсіпорынды аралаудың негізгі мақсаты техникалық реттеу және метрология саласында Қазақстан Республикасының заңнамалары және нормативтік құжаттарының талаптарын түсіндіру арқылы өнімді өндіру алдында проблемалық сұрақтарды анықтау болды.
Кәсіпорынды аралау кезінде департамент қызметкерлері мен техникалық реттеу саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ мемлекеттік стандарттау жұмыстарының бағыты, халықаралық менеджмент жүйесі, нормативтік техникалық құжаттардың Бірыңғай Фонды және өнімдер мен қызметтер бойынша сәйкестікті растау процестері, кәсіпорындағы өлшем құралдарына қатысты метрологиялық талаптар, өнімдерді каталогтау жүйесі туралы ақпараттар берілді.
Кәсіпорынды аралау барысында департамент қызметкерлері техникалық реттеу, метрология саласының нормативтік құжаттар талаптары бойынша түскен сұрақтарға толық жауаптар беріп, осы салаға қатысты бұдан әрі де өзара қарым-қатынас және заңнамалар талаптары бойынша мәселелерге түсіндірмелер беру бағытында уағдаластық жасалды.
