Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Петропавлда «Сыбайлас жемқорлықты сөндіреміз» атты акция өтті

А.ж. 16 сәуірінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша Департаменті бастамасымен Өртке қарсы қызмет күні қарсанында «Сыбайлас жемқорлықты сөндіреміз» атты акция өтті.

Қаланың орталық көшесі бойымен жүре отырып, жастар ұрандармен азаматтарды және мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне қарсы белсеңді азаматтық позициясын көрсетуге шақырды.

Осыған орай, Петропавл қаласының жастары пара түрінде алған                       1 миллион теңге мен 10 мың доллар сомасмында ақша қаражаттарын, тұрмыстық техниканы жойды. Осы әрекеттерімен олар қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділіктерін білдіре отырып, аталған заттардың муляждарын өрттеп тастады.

Акцияға Төтенше жағдайлар департаментінің, Жастар бастамалары орталығының қызметкерлері, Петропавл қаласы жастар ұйымдары мен жастар ісі комитеті белсенділері, аймақтық және республикалық БАҚ тілшілері жалпы 100-ден аса адам қатысты.

 
0
0
1045

Осы тақырып бойынша

Петропавлда «Сыбайлас жемқорлықты сөндіреміз» атты акция өтті - Yvision.kz