Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Петропавл қаласы әкімдігінің қызметшілеріне мемлекеттік қызмет саласындағы негізгі мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру семинар өткізілді

2017 жылдың 21 шілде күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша Департаменті қызметкерлерімен Петропавл қаласы әкімі аппаратының жергілікті атқарушы органдардың қызметшілеріне семинар өткізілді.

Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы И.Е. Баженова жиналғандарды үшдеңгейлі персоналды іріктеу жүйесінің ерекшілігімен, тестілеу бағдарламалырының соңғы өзгерісерімен, мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларымен таныстырды.

Семинар өткізу барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»  Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің маңсапты өсуі меритократия қағидаттарына негізделетіні атап өтілді.

Персоналды басқару қызметіне өткізілетін ішкі конкурстар туралы ақпаратты көпшілікке қолжетімді орындарда және стендтерде орналастыру арқылы мемлекеттік қызметшілерді ақпараттандыру бойынша ұсыныстар берілді.

Өз кезегінде, Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ахметова А. Ж. семинарға қатысқандарды мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау өткізу туралы ережесімен, Үлгілік әдістемесінің негізгі өзгертулерімен, факторлы-балдық шкала түсінігімен таныстырды.

"Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізілетіні атап өтілді.

Сонымен қатар, жиналғандарға бағалауды жүргізу мерзімі, жеке жоспардың жасау, бағалау парақтарын толтыру тәртібі түсіндірілді.

Өткізілген іс-шараға Петропавл қаласы әкімдігінің 15 мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

Семинар барысында қатысушылардың барлық қызықтырған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап қайтарылды.

 
0
0
444

Осы тақырып бойынша

Петропавл қаласы әкімдігінің қызметшілеріне мемлекеттік қызмет саласындағы негізгі мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру семинар өткізілді - Yvision.kz