Петропавл қаласы № 2 бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселесі бойынша азаматтардың қабылдауы

А.ж. 24 тамызда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Г.Ә. Жусалинамен «ХҚКО» Департаменті Петропавл қаласы № 2 бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселесі бойынша азаматтардың қабылдауы өткізілді.
Қызмет алушыларды медициналық ұйымға тіркелу және жеке куәлік, төлқұжатты «электронды үкімет» веб-порталы арқылы алу мүмкіндіктері қызықтырды.
Азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу барысында құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірілді.
Азаматтардың қабылдауы мұндай кездесулердің маңыздылығын, мемлекеттік қызметтердің сапалы және қолжетімді болуына қажет екенін көрсетті.
