Пешков арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметін тексеру
2020 жылдың 2-ші жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау шеңберінде Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі медициналық-әлеуметтік мекемедегі мүгедектердің құқықтарын қорғауға бағытталған заңнаманы сақтау мәселесі бойынша "Пешков арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-ні тексерді.
Тексеру барысында алушылардың тұру жағдайларымен және арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну тәртібімен танысты. Аталған Орталықта психоневрологиялық аурулары бар 174 мүгедек адам тұрады. Орталықтың жұмысы стандартқа сәйкес бекітілген 8 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің жылдық жоспарына негізделеді: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-құқықтық.
Тұтастай алғанда, қызмет алушыларға арнайы-әлеуметтік қызмет көрсету туралы стандарт талаптарын іске асыра отырып, үйдегілерге жақындатылған тұру жағдайлары жасалады.
--------------------------------------------------------------
В рамках профилактического контроля на 2 полугодие 2020 года Отделом по контролю в сфере социальной защиты населения Департамента проверяется КГУ «Пешковский центр оказания специальных социальных услуг» по вопросу соблюдения законодательства, направленного на защиту прав инвалидов, находящихся в медико-социальном учреждении.
В ходе проверки ознакомились с условиями проживания получателей и порядком предоставления гарантированного объема специальных социальных услуг. В данном Центре проживает 174 лица с инвалидностью по психоневрологическим заболеваниям. Работа Центра строится на утвержденном в соответствии со Стандартом годовом плане предоставления 8 видов специальных социальных услуг: социально-бытовых, социально-медицинских, социально-психологических, социально педагогических, социально-трудовых, социально-культурных, социально-экономических и социально-правовых.
В целом получателям услуг создаются условия проживания, приближенные к домашним, реализуя требования Стандарта о предоставлении специально-социальных услуг.
