Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Педагогтардың жалақысы 2 есе көбейеді

Арыс қаласы "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру және насихаттау мақсатында Арыс гуманитарлық-техникалық колледжінің мұғалімдерімен кездесу болды.

Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының басымдықтарымен және Арыс қаласы "Nur Otan" партиясының қаламызды дамыту бойынша 7 бағытпен таныстырып,Арыс қаласының «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында білім салтанатын құру мақсатында,қалалық "Nur Otan"партиясының бастамасымен келесі бағыттар бойынша жұмыс жоспарлары жасалынатын болады:

1-6 жасқа дейінгі мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды 85,6%-ға жеткізу;

Мектептердегі химия, биология, физика пәндері кабинеттерін кезең-кезеңімен жабдықтау және жаңарту;

Қаламызда оқушылар сарайын салу;

Дарынды балаларға тереңдетілген білім беретін мектеп салу;

7 мектепті күрделі жөндеуден өткізуге;

Қашықтықтан білім беру жүйесімен асинхронды және синхронды форматта сабақтарды ұйымдастыру үшін, келесі оқу жылында жағдайы төмен 1512 отбасындағы 2781 оқушының үй жағдайында ноутбук, планшетпен және интернет желісімен қамтамасыз етіліп,ұйымдастыру жұмыстарының, нәтижесінде 2025 жылға қарай, ҰБТ-да 100 және одан жоғары балл жинаған мектептер түлектері санын 15%-ға арттыру жоспарланған;

Педагог мамандықтарына сұранысты арттырып, педагогтардың жалақысын 2 есе көбейеді;

2025 жылға қарай жоғары білім алу үшін бөлінетін гранттың саны 50 пайызға артып, 75 мың жас азаматымыз жоғары білімді тегін алатын болады;

Студенттердің стипендиясы 2 есеге магистранттар мен докторанттар стипендиясы 1,5 есе артатын болады;

2025 жылға қарай колледждер мен университеттер жатақханаларындағы орындар саны кем дегенде 50 мыңға жеткізу жоспарланған.

Осындай кезеңде,Отанымыздың қуатты,тұғыры биік мемлекет болуы үшін барлығымыздың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруымыз маңызды болмақ.Ел игілігі жолында "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырдым!

0
0
188

Осы тақырып бойынша

Педагогтардың жалақысы 2 есе көбейеді - Yvision.kz