ПБК мүшелерінің балалар жұқпалы аурулар ауруханасының орталық басшысы Ш. К. Беркалиевпен кездесуі
Бірнеше күн бұрын, әлеуметтік желіде қала тұрғыны балалар жұқпалы аурулар ауруханасыны суық деп шағым айтқан болатын. Бүгін "Nur Otan" партиясы жанындағы Партиялық бақылау комитетінің мүшелері Т. С. Лесниченко және Ш.А Гусейнов 1 а шағын ауданындағы жаңа инфекциялық модульдік орталығының аумағында орналасқан балалар жұқпалы аурулар ауруханасына барып, орталық басшысы Ш. К. Беркалиевпен кездесті. Кездесу барысында қала тұрғынының арызы негізінде ауруханадағы ахуалмен танысты. Орталық басшысының айтуынша, ғимараттағы максималды температура +28, минималды + 22-25. Сондай -ақ, құрылысшылардың кейбір кемшіліктері бар екені анықталды, алайда олар қалыпқа келтірілуде. Мұнда орын алған оқиға партияның бақылауында болмақ.
