Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Пайда ойлама, арды ойла...» рухани-танымдық онлайн семинары

18 қараша күні «Antikor ortalygy» сервистік орталығында «Пайда ойлама, арды ойла...» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы рухани-танымдық семинар өтті.

Семинар ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимде ұйымдастырылды. Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті, БҚО тілдерді дамыту басқармасы, танымал қоғам қайраткерлері, аудандық бөлім басшылары, «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ» жобалары өкілдері, студенттер қатысты.

Семинар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді дамыту, рухани құндылықтарымызды арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Қоғамдағы дерттің бірі болып отырған бұл мәселені күн тәртібінен түсірмей, қоғам болып, ел болып күресіп, азаматтық қоғамның белсенді өкілдерімен біршама тосқауыл қоюға болатыны анық.

Қазақстанның Еңбек сіңірген және ҚР Мәдениет саласының қайраткері, жазушы Сәуле Досжан «Ар, иман, адалдық – адамдық негізі», саясаттанушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, филолог Дос Көшім «Жемқорлықты жеңудің екі жолы», гуманитарлық ғылымдар магистрі, жас қаламгер, әдебиеттанушы Маралбек Базылбеков «Абай түсіндірмесіндегі «қоршылық өмір» тақырыптарында ой тарқатты.

Жазушы Сәуле Досжан кең көлемді насихат жұмыстарын жүргізу арқылы «Ұят», «Обал», «Ар» мәселелері түсіндіру қажеттілігін атап өтті.

Саясаткер Дос Көшім жемқорлыққа қарсы іс-қимылды салық жүйесі арқылы бақылауға болады, бұл тәжірибе АҚШ жүзеге асырылуда. Ал, екінші жолы бюджеттердің жариялығы қамтамасыз ету арқылы қамтамасыз ету қажет деді.

Жас қаламгер Маралбек Базылбеков Ұлы Абай шығармаларындағы пайда, ар мәселелеріне тоқталып, замандастарын парасатты болуға шақырды.

Өз кезегінде Департаменттің басқарма басшысы Б.Хайруллин бюджеттердің жариялылығы «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы арқылы қамтамасыз етіліп жатырғанын атап өтті. Бұл жобада қоғамның кез-келген өкілі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің бюджеттерін қарай алады және өз ұсыныстарын жолдау мүмкіндіктері бар.

«Пайда ойлама, ар ойла» деген Ұлы Абай атамыздың тағылымды сөзі әрбіріміздің жадымызда болуы қажет. Қазақ елінің гүлденуі, оның болашағы таза қоғамға байланысты болмақ, ал ол Сіз бен біздің өзіміздің жеке тәрбиемізден ар-ожданымыздан басталмақ.

1
0
328

Осы тақырып бойынша

«Пайда ойлама, арды ойла...» рухани-танымдық онлайн семинары - Yvision.kz