Павлодарда 20 жастағы қыздың өмірін қиған такси жүргізушісі ұсталды.
Павлодарлық полицейлер 20 жастағы қыздың өліміне күдікті қала тұрғынын анықтап, қолға түсірді, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен. Павлодар ІІБ-ға 20 жастағы қыздың жоғалып кеткендегі жайлы арыз 7 қазан күні түскен. Төрт күннен кейін оның мәйіті ЖШС бірінің аумағынан табылды.
Тергеу көрсеткендей, зардап шеккен қыздың апасының отбасымен бірге тұрып, қаладағы дәмханалардың бірінде
