Yvision.kz
ru
Разное
399 774 жазбалар42 тіркелуші
Всяко-разно
0
14:09, 25 ақпан 2021

Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақовтың қорытынды есеп беру кездесуіне қатысты

19 ақпанда, Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың қорытынды есеп беру кездесуіне қатысты.

Өңір басшысы облыс 2020 жылы қандай жетістіктерге қол жеткізгенін айтып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін айқындады.

Есеп беру барысында әкім өңірде тұрғын үй құрылысының қарқыны бәсеңдетпейтіні, тұрғын үй сертификатының мөлшері енді 1,5 млн.теңгеге дейін ұлғаятыны, оны алу үшін жеткіліктілік шегі артып, көптеген азаматтар сертификат ала алатыны туралы тілге тиек етті.

Облыс әкімі қала тұрғындарын толғандыратын көп пәтерлі үйлерді жылыту мәселесін қозғады. Жаппай сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін Усолка көпқабатты үйлерден Достық мөлтек ауданына дейін жылу магистралін, сондай – ақ жаңа сорғы станциясын салу қажеттігі туралы айтылды. Облыс әкімі бұл мәселені жаңа жылыту маусымына дейін шешуді тапсырды.

Сондай-ақ, А.Сқақов білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және абаттандыру салаларында биылғы жылы атқарылған жұмыстар мен мақсаттар жайында сөз қозғады.

Облыс әкімі аймақ тұрғындарының сұрақтарына тікелей эфирде әлеуметтік желі және бейнеөтініштер арқылы 109 колл-орталығының бірыңғай нөмірі бойынша жауап берді.

Тікелей эфир барысында А.Сқақов қала және аудан әкімдеріне, сондай-ақ салалық басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Есеп беру кездесуі үш өңірлік телеарналарда, облыс әкімдігінің ресми беттерінде және әлеуметтік желілерде көрсетілді.
____________________
19 февраля, депутаты Павлодарского городского маслихата приняли участие в итоговой отчетной встрече акима Павлодарской области Абылкаира Скакова.

Глава региона рассказал, чего достигла область в 2020 году и обозначил ключевые показатели социально-экономического развития области.

Как следовало из выступления, в регионе не будут снижены темпы жилищного строительства, размер жилищного сертификата в нынешнем году будет увеличен до 1,5 млн. тенге, повысится и порог достаточности для его получения, тем самым получить сертификат сможет большее количество граждан.

Аким области затронул вопрос недогрева многоквартирных домов, который волнует горожан. Выяснилось – чтобы качественно обеспечивать их теплом, необходимо построить тепломагистраль, протянув сети от усольских многоэтажек до нового жилого массива Достык, а также новую насосную станцию. Решить эту проблему аким области поручил до нового отопительного сезона.
Также А.Скаков рассказал о проведенной работе и задачах на нынешний год в сферах образования, здравоохранения, сельского хозяйства и благоустройства.
В прямом эфире аким области ответил на вопросы жителей области, которые они задавали по единому номеру колл-центра 109, посредством соцсетей и видеообращений.
Во время прямого эфира А.Скаков дал ряд поручений акимам городов и районов, а также руководителям отраслевых управлений.
Отчетная встреча транслировалась на трех региональных телеканалах, официальных страницах областного акимата и в соцсетях.
Фото Валерия Бугаева, пресс-службы Павлодарского городского

0