Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодар облысының Аймақтық штаба мәжілісі орындалды

2017 жылғы 15 маусым айында техникалық реттеу сұрақтары жөніндегі Павлодар облысы аймақтық штабының 19-ші кезекті отырысы өткізілді. Отырысқа аймақтық штабының мүшелері: облыс әкімдігі басқармалардың, уәкілетті мемлекеттік органдардың, Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының, Қазақстанды индустрияландыру картасына, кәсіпкерлікті қолдау аймақтық картасына жобаларды енгізген облыс кәсіпорындардың басшылары, «Павлодар» экономикалық еркін аймаққа кіретін кәсіпорындардың, сәйкестікті растау органдардың (СРО) және «Савар» тұтынушылардың құқықтарын қорғау облыс қоғамының өкілдері қатысты.

«О безопасности оборудования, работающего под избыточным давлением» Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 32/2013) енгізілген өзгерістері талқыланды.

Өзгерістерді қабылдау мақсаты - техникалық регламентінің қолданысын тарату саласынан технологиялық құбыр желілерін шығару.

Технологиялық құбыр желісі - зауытта шығарылған және сәйкестік бағалауды өткен дайын өнім деп саналмайды, ол тек технологиялық жабдықтардың (құрылыстың) бөлігі деп саналады, сонымен бірге тек қана құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін дайын өнім болып табылады.

Осы өзгерісте артық қысымда жұмыс істейтін жабдықтарды шығаратын кәсіпорындардың және монтаждау, құрылыс, сондай-ақ осы жабдықтармен пайдаланатын ұйымдардың мүдделеріне тиетін мүмкіндіктерді туындырады.  Осы өзгеріс халықаралық, аймақтық стандарттарға және тараптарда қолданыста жүрген міндетті талаптарына, өлшем бірлігін қамтамасыз ету талаптарына қайшы келетін талаптар жоқ. Өзгеірстерді енгізу болжалды мерзімі - 2018 жылғы 1 тоқсан.

Отырыс барысында 2018 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік стандарттау жұмыс жоспарын қалыптастыру тәртібі бойынша түсініктер берілді.  Берілген ақпарат бойынша бүгінгі күнге техникалық-экономикалық негіздемесімен 28 ұсыныстар түсті, олардың ішінен ТК 93  «Тара и упаковка» - 17, «Алюминий Казахстана» АҚ – 7, «Компания  «Нефтехим LTD» ЖШС-3, «Кастинг» ЖШС Павлодар филиалы – 1. Берілген ұсыныстардың талдау нәтижелері бойынша Техникалық реттеу және метрология комитеті 2018 -2020 ж.ж. арналған мемлекеттік стандарттау жоспарына Павлодар облысынан 2 кәсіпорынның 24  ұсыныстарын енгізді (15 - ТК 93 «Тара и упаковка», 7- «Алюминий Казахстана» АҚ және 2 - «Компания  «Нефтехим LTD» ЖШС).

2017 жылдың 01 шілдесінен бастап күшіне енетін стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары туралы ақпарат назарға алынды. 2017 жылдың 01 шілдесінен бастап 54 ұлттық стандарттар (ҚР СТ),  467 мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ) күшіне енеді. Күшіне енетін стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары бойынша ресми ақпарат ай сайынғы ақпараттық көрсеткіштерінде (САК), жыл сайынғы Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары мен мемлекетаралық нормативтік құжаттардың көрсеткіштерінде, және Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірынғай қоры сайтында: www.egntd.kz орналастырылады.

«Техникалық реттеу және метрология комитетінің

Павлодар облысы боынша департаменті» РММ

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты»

РМК Павлодар филиалы

 
0
0
477

Осы тақырып бойынша

Павлодар облысының Аймақтық штаба мәжілісі орындалды - Yvision.kz