Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодар облысындағы ержүрек қыздың батыл әрекеті

Ленинский кентіндегі №33 орта мектептің оқушысы Зейнеп Жанболатқызы Кабылбек батыл әрекет жасады. Сол күні 2015 жылғы 20 ақпанда басы ауырып мектепке бармай, үйде қалды. Сағат 12-лер шамасында жолдың арғы жағындағы көршілер есік қағып, бір жерге асығып кетіп бара жатқандықтарын және көрші үйден түтіннің иісі келгенін хабарлады. Зейнеп ойланбастан өрт сөндіру бөліміне хабарласып, өрт туралы хабарлады. Содан соң өрт сөндірушілердің келгенін күтпей, жанып жатқан үйге қарай жүгіреді. Онда жабық пәтерде қалған кішкентай төрт жасар баланы көреді. Ол кіреберіс есікті ашпақ болып, жұдырығымен есікті соққылайды. Есікті бірінші реттен ашуға мүмкін болмады. Бірақ күш салып есікті ашып, қыз кішкене баланы далаға шығарды. Кейін оны өзінің үйіне әкелді. Бала қатты шошып қалған. Зейнептің айтуынша, баланың жүрегі айныған. Ол оны жұбатып, жуындырып, сүт берді. Бірнеше минуттан соң оқиға орнына екі АЦ ӨСБ-33 кезекші қарауылы және АЦ МӨСБ-1 бөлімшесі, ММ 8 қызметкері келіп жетті.

0
0
337

Осы тақырып бойынша

Павлодар облысындағы ержүрек қыздың батыл әрекеті - Yvision.kz