Павлодар облыстық мәслихатына үміткерлер кенжекөлдіктермен жүздесті
Павлодар облыстық мәслихатына үміткерлер кенжекөлдіктермен жүздесті ⠀ «NurOtan» партиясының Павлодар қалалық филиалында Павлодар облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Раушан Даумова мен Света Әбдіраманованың Кенжекөл ауылының тұрғындарымен кездесуі өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты дәстүрге айналғандай, жүздесу онлайн режимде ұйымдастырылды. Бұл шешім санитарлық-эпидеомиологиялық талаптарды орындау мақсатында қабылданды. ⠀ Кездесу барысында кандидаттар кенжекөлдіктерді өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Сондай-ақ партиялықтар алдағы уақытта қолға алынатын халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған жоспарларын санамалап берді. ⠀ Мәселен, облмәслихатқа үміткер Света Әбдіраманова денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту жоспарлары туралы айтты. Айталық, партия қолдауымен жақында ғана модульдік инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталды. Сонымен бірге, Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық және Павлодар қалалық ауруханаларын дамыту көзделуде. ⠀ Кездесу соңында кандидаттар кенжекөлдіктердің сұрақтарына жауап берді. --- Кандидаты в Павлодарский областной маслихат встретились с кенжекольцами ⠀ В Павлодарском городском филиале партии «NurOtan» прошла встреча кандидатов в депутаты в Павлодарский областной маслихат Раушан Даумовой и Светы Абдрамановой с жителями села Кенжеколь. Как уже стало привычным в период пандемии коронавируса, мероприятие прошло в онлайн-режиме. Такое решение принято в целях соблюдения санитарно-эпидемиологических норм. ⠀ Во время встречи кандидаты ознакомили кенжекольцев со своими предвыборными программами, а также с мерами по улучшению благосостояния граждан, которые они намерены реализовать. ⠀ В частности, кандидат в облмаслихат Света Абдраманова рассказала о планах по улучшению инфраструктуры сферы здравоохранения. Так, при поддержке партии уже успешно реализован проект модульной инфекционной больницы. Также в ближайшее время планируется дальнейшее развитие областной больницы им. Г. Султанова и первой горбольницы Павлодара. ⠀ В завершение кандидаты ответили на вопросы кенжекольцев.
