Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодар өңірінде бүгінде алыс-жақын шет елдерден көшіп келген 36 мыңнан астам қандас мекен етеді

Павлодар өңірінде бүгінде алыс-жақын шет елдерден көшіп келген 36 мыңнан астам қандас мекен етеді. Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Молдова, Ауғанстан, Қытай және басқа да 12 елден этникалық қазақтар көшіп қоныстанғаны Үкімет пен «NurOtan» партиясының көші-қонды реттеуге арналған бағдарламалары және жобаларының үлесі. Этникалық қазақтардың көші қоны жалғасуда.

«NurOtan» партиясы бұл елдің прогрессивті дамуын қолдайтын Қазақстанның жетекші саяси күші. Халықтың сеніміне ие болған партия екені баршамызға белгілі. Партияның жұмыс бағытын игілікті істерін біз күнделікті көріп жүрміз деді.

«Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» - «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасы 216 аймақтық бағдарламамен өзара байланысты болғандықтан 2025 жылға дейін бұл қажетті ресурстармен бекітілген, нақты мақсаттары мен іске асыру тетіктері жасалған. Сайлауалды бағдарламамыз-бұл елдің алдағы бесжылдықтағы дамудың жаңа белестерге көтірілуіне және елдің демографиялық жағдайын жақсартуға бағытталған нақты жол картасы болады деп Хафиз Ғ.Қ сөзін түйіндеді.

Құрметті сайлаушылар!

Біз сіздерді алдағы сайлауда «NurOtan» партиясына дауыс беруге шақырамыз. Мықты әл-ауқатты мемлекет пен барлығына бірдей әділетті, қоғамның пайдасына таңдау жасап, қазақстандықтардың өз дауыстарын бейбітшілік, тұрақтылық, өркениетті және табысты болашақ үшін беретініне сенімдіміз! Бұл әр азаматтың Ата Заңымен белгіленген құқығы. Қиындықты еңсеріп, біз бірге жеңіске жетеміз! «NurOtan» партиясына дауыс берулеріңізге шақырамыз!

0
0
298

Осы тақырып бойынша

Павлодар өңірінде бүгінде алыс-жақын шет елдерден көшіп келген 36 мыңнан астам қандас мекен етеді - Yvision.kz