Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын түсініктемесі бойынша Павлодар, Қарағанды және Шығыс-Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкерлеріне ақпараттық семинар өткізілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі  «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ және Еуропа Одағымен бірлесіп  семинарды өткізу жоспарланды.

Осыған байланысты, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі нің Павлодар облысы бойынша Департаменті 3 сұраққа қатысты семинар ұйымдастырылды.

  1. Мемлекеттік қызмет туралы Заң проектін түсіндіру, сонымен қатар жас талапкерлердің мемлекеттік қызметке түсуі, еңбек ақы төлемін фактор-балдық шкала бойынша есептеу, мемлекеттік қызметкерлерді ротациялау сұрақтары, меритократия принципі н қолдану және т.б.
  2. Мемлекеттік қызметін реформалау бойынша халықаралық тәжірибесі талқыланды.
  3. «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің, сонымен қатар оның іс-қимыл жасауы және қызметкерлерді басқару ақпараттық  жүйе жұмысын  қалыптастыру.

Жиынға Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан келген жүзден астам мемлекеттік қызметкер қатысты. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департамент жетекшісі Денис Шакенов пен ЕО Жобасының шешуші сарапшысы Максимилиан Фодингер қатысушыларға өз жылы лебіздерін білдірді.

Бірінші сессия барысында Агенттік департаменті жетекшісінің орынбасары Мақсұт Өтешов семинар қатысушыларын «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» заң жобасының негізгі қағидаттары және механизмдерімен таныстырды. Бұл заң жобасы карьерлік қағидатқа, біліктілік және конкурстық тәсілдерге  негізделген мемлекеттік қызметке тұру және өту тәртібін реттейді. Мемлекеттік қызметті реформалау бойынша халықаралық тәжірибе, оның ішінде, заңнамалық бастамалар бойынша жалпы тенденциялар туралы Максимилиан Фодингер баяндады. Сонымен қатар, ол өз сөзінде Қазақстанның мемлекеттік қызметін реформалаудағы ЕО жобасы жұмысының негізгі бағыттарына тоқталды.

 

Екінші сессия барысында мемлекеттік қызметтің персоналын басқару қызметтерінің жұмысын жетілдірудегі «Е-қызмет» ықпалдаcтырылған ақпараттық жүйесін енгізу мәселелері талқыланды.  «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ  «Е-қызмет» техникалық қолдау бөлімінің басшысы Сымбат Естиярова жаңа жүйе олардың тиімділігі пен еңбек өнімділігін арттыруға, мемлекеттік қызметкерлерді тағайындау және қызмет бабында көтерілу барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Аталған семинарлар жоспарланған кестеге сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында өткізілетін болады.

 
2
0
583

Осы тақырып бойынша

Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын түсініктемесі бойынша Павлодар, Қарағанды және Шығыс-Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкерлеріне ақпараттық семинар өткізілді. - Yvision.kz