Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Патриотизм азаматтық қоғамның құндылығы»

Жеңісбай Әбдікәрімұлы Султанов 1945 жылы Түлкібас ауданы Шақпақ ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғыс аяқталып ел мерейі тасыған тұста туылғандықтан есімін Жеңісбай деп қойған екен аталары. 1963 жылы Шымкенттегі қазақ химия технология институтында оқып, инжинер механик мамандығын алған. Содан соң 10 жылдай комсомол ұжымдарында еңбек еткен.

1971-1974 жылдары гидромелиоративтік техникумында комсомол комитетінің хатшысы және Түлкібас аудандық партия комитетінің нұсқаушысы болды. Одан кейін аудандық партия комитетінің жолдамасымен ішкі істер саласына қызметке жіберілген.

Жеңісбай Әбдікәрімұлы. Сұлтанов 20 жыл бойы командалық лауазымдарда, алдымен аудандық бөлімде, одан кейін қалалық және Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасында қызмет атқарды. 1982 жылдан бастап, облыстық МАИ басшысы, облыстық ІІБ бастығының бірінші орынбасары, ал 1993 жылдың ақпан айынан бастап облыстың ішкі істер басқармасының бастығы, 1997 жылдың мамыр айынан бастап ҚР ІІМ Шымкент қалалық заң колледжінің бастығы болып жұмыс істеді.

Шымкент қаласында қалалық және облыстық МАИ және ішкі істер органдарында қызмет еткен жылдарында Ж.Ә.Сұлтанов аймақтағы құқықтық тәртіп заңдылығын сақтау, қылмыскерлікпен күресті күшейту жөнінде көп істер тындырды. Әсіресе, ол аудандық және қалалық милиция органдарында кадр құрамын нығайтуға, құқық қорғау органдарындағы қайта құруларға байланысты олардың қызметін қайта ұйымдастыруға айрықша назар аударды.

Жеңісбай Әбдікәрімұлы жыл сайын облыстық және қалалық масштабтағы қоғамдық-саяси шараларды дайындап өткізуге белсене қатысады. Оның қызметтік еңбегі «Мінсіз қызметі үшін», «Милиция үздігі», «ІІМ үздік еңбегі үшін» медальдарымен, Қазақстан Республикасы ІІМ Құрмет грамоталарымен атап өтілген.

Шымкент қалалық мәслихатының 2001 жылғы 15 қазанындағы XIV сессиясының № 145-2с шешімімен Ж.Ә.Сұлтановқа, қаладағы құқықтық тәртіптілікті және заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген екен. Жастар бұндай басқосудың мақсатын өздерінің бойындағы қасиеттерін патриоттық рухқа тәрбиелеу және туған жерге деген махабаттын осындай Жеңісбай Әбдікәрәмұлы секілді аталарымыздан үйреніп, дәріттеп жүру керектігін айтты. Кәзіргі таңда Жеңісбай Әбдікәрімұлы Султанов атамыз зейнеткер, милиция ардагері.

0
0
159

Осы тақырып бойынша

«Патриотизм азаматтық қоғамның құндылығы» - Yvision.kz