Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«𝐍𝐮𝐫 𝐎𝐭𝐚𝐧» партиясы Қапшағай қалалық филиалында жыл басынан бері 168 қабылдау өткізілді

Жыл басынан бері «Nur Otan» партиясының Қапшағай қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 254 өтініш түсті. Депутаттар мен мемлекеттік органдардың басшылары 129 қабылжау өткізіп, 211 азаматты қабылдады. Өтініштердің 41 %-ы шешілді, консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді.

Тұрғындар «Nur Otan» партиясына түрлі мәселелермен келеді. Олардың арасында көп кездесетіні баспана және жер телімі, тұрғын үй шаруашылығы мен қаламыздың инфраструктурасы, әлеуметтік мәселелер, алимент өндіру сынды сұрақтар. Сонымен қоса мемлекеттік қызмет көрсетуді дамыту бойынша да ұсыныстар біраз кездеседі.

Қала тұрығындарымен кері байланыс жүйеге қойылған. Еске сала кетейік, тұрғындар өздерін мазалаған мәселелері бойынша «Nur Otan» партиясының Қапшағай қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуына болады:

1. Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);

2. WhatsАpp: 8 747 871 03 82

3. Жұмыс нөмірі: 872 772 423 48

Сонымен бірге партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің базасында отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша «111 шұғыл қызметі» арнайы байланыс орталығы іске қосылды.

#NurOtan

0
0
192

Осы тақырып бойынша

«𝐍𝐮𝐫 𝐎𝐭𝐚𝐧» партиясы Қапшағай қалалық филиалында жыл басынан бері 168 қабылдау өткізілді - Yvision.kz