Nur Otan партиясының құрылғанына 22 жыл толуына орай аудандық филиалдың төрағасы, аудан әкімі С.Ысқақов партияның жаңа мүшелеріне партиялық билеттер табыс етті. Аудан мен елді дамыту партиялықтардың жұмысымен тығыз байланысты. Олар күн сайын халықпен тиімді кері байланысты қамтамасыз етіп, мемлекет басшылығы қойған міндеттердің орындалуын бақылауда ұстайды.